Павлодарда жолаушылары бар трамвай өртенді

834

Павлодарда жолаушылары бар трамвай өртенді

Павлодар қаласында Кутузов көшесі бойында жолаушысы бар трамвай өртенді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Трамвай басқармасы" АҚ баспасөз хатшысы Тимфоей Голевтің айтуынша, оқыс жағдай таңертең Кутузов - Толстой көшелерінің қилысында 8:12 шамасында болған.

"Бүгін Депо бағытына қарай жүрген №11 вагон істен шығып отқа оранған", – дейді Тимофей Голев. - Трамвайда төтенше жағдай кезінде жолаушылар болған. Саны белгісіз. Олар дер кезінде вагонды босатты. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 9:20 кезінде қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Ал қызыл жалынның астында қалған вагонды Трамвай басқармасына тіркеп алып кетті. Сараптама тағайындалды, жуық арада өрттің себебі анықталатын болады. Алдын ала болжам бойынша электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Бұл бірақ болжам ғана. Павлодар облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қызыл жалын аумағы 30 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 16 өрт сөндіруші жұмыс істеп, үш техника жұмылдырылды". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу