Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні, кешке Павлодардағы үйлердің бірінің ауласында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Назарбаев даңғылы бойындағы №34 үйдің ауласында "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні байқамай қалып, оны басып өткен.
"Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу