Павлодарда жүкті әйеліне қол көтерген тұрғынға әкімшілік іс қозғалды

562

Мас күйеуі жүкті әйеліне дөрекі сөйлеп, қол көтерген.

Павлодарда жүкті әйеліне қол көтерген тұрғынға әкімшілік іс қозғалды Фото: stan.kz

Павлодарда мас күйде жүкті әйеліне қол көтерген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда Ломов көшесіндегі үйлердің бірінде мас күйеуі жүкті әйеліне дөрекі сөйлеп, тіпті қол көтерген. Іштегі баласының қауіпсіздігіне алаңдаған әйел полиция шақырды.

"43 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Учаскелік инспекторлар қорғау ұйғарымын шығарды", деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.
 

Жыл басынан бері Павлодарда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-қимыл бойынша 226 хаттама толтырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу