Былтыр несие алған павлодарлықтардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 32%-ға көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Павлодар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктің айтуынша, аймақта еңбекке қабілетті әрбір екінші адам банктерден қарыз алған. Яғни, облыстағы 220 мың тұрғынның несиесі бар.
"Жыл басында уақытылы төленбеген берешек сомасы 10 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 18 мың тұрғын несиені 90 күннен астам уақытқа кешіктірген", – дейді Ирина Назарчук.
Айта кетейік, соңғы статистикалық деректер бойынша Павлодар облысындағы орташа жалақы 220 мың теңгені құрайды.
Ажар Дәулетова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу