Павлодарда жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген алаяқ қамауға алынды

115

37 жастағы алаяқ Павлодар қаласында қолға түсті.

Павлодарда жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген алаяқ қамауға алынды Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтып, уәде берген алаяқ қолға түсті. Оның 20 адамды алдағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ер адам азаматтарға ақшалай сыйақы үшін және емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігін рәсімдеуді ұсынды. Ол құрбандарға барлық процестің заңды екенін жеткілікті түрде түсіндірген. Алдын ала ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпай қойған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің осыған ұқсас 20 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, оның Павлодардағы Халыққа қызмет көрсету орталығында көп байланысы бар екені анықталды. Аса ірі мөлшерде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҚИ-ға қамалды", – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу