Павлодарда жыл соңына дейін 37 қайта өңдеу нысаны ашылады

895

Павлодарда жыл соңына дейін 37 қайта өңдеу нысаны ашылады

Павлодар облысында биыл жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 14 кәсіпорын жаңғыртылған. Жыл соңына дейін тағы 37 нысан жаңғыртылып, іске қосылады, деп хабарайды pavlodarnews.kz

Бұл туралы бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

"Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жолы – 2050" жолдауында: "Еіміздің болашағы аграрлық саладағы қайта өңдеу кәсіпорындарын құруда, яғни шағын және орта бизнесті дамыту" деген болатын. Біздің облыста да осы мақсатта үлкен жұмыс жүргізілуде. Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 300 кәсіпорын бар. Оның 221-і өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдесе, 79-ы мал шаруашылығы бойынша жұмыс істейді. Жыл соңына дейін жалпы құны 1541,2 миллион теңге болатын 37 нысанды жаңғыртып, іске қосу жоспарланған", - дейді Ораз Дүзденбаев.

Басқарма басшысының сөзінше, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында азық-түлік өңдеу көлемі 30,7 млрд. теңгені құраға. Атап айтар болсақ, күнбағыс майын өндіру 88 пайыз, жармы өнімдері 48 пайыз, сүт 13 пайыз, қымыз өндірісі 10 пайыз, макарон шығару 3,5 пайыз және кондитерлік өнімдерін өндіру 5,6 пайызға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу