Pavlodarnews.kz мәліметінше, жылу беру желісіндегі апат сорғы стансасы іске қосылған кезде орын алған, сондай-ақ Мүткенов көшесінде атқылап жатқан ыстық субұрқақтың жоғары температурасы 65 градусты құрайды.
"Павлодарэнерго" АҚ бұл ақпаратты растады.
"Диаметрі 400 мм тоқсандық жылу желісінің зақымдануы №4 сорғы станциясын іске қосу кезінде пайда болды. Коммуналдық қызметтер апаттық учаскеде су беруді тоқтатты. Жөндеу бригадалары зақымдалған жерде жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу