Облыс орталығындағы Қамзин және Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды. Соның салдарынан асфальт астынан су атқылап, баспаналар жылусыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"109" бірыңғай желісінің хабарлауынша, "Павлодар жылу желілері" компаниясының апаттық бригадасы ақауды жоюмен айналысуда. Болжам бойынша, бірнеше сағат дересінде жылумен қамту ісі қайта қалпына келтіріледі.
"Ақаудың салдарынан Қамзин, Московская көшелерінің бойындағы 11 жеке тұрғын үй, №5 емхананың ересектерге және балаларға арналған емханасы, №3 балабақша мен Московская көшесіндегі екі ғимаратта жылу беру уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады "Павлодарэнерго" компаниясының баспасөз қызметі.
Ақаудың нақты себебі анықталып жатыр.