Павлодарда жылу маусымы 15 қыркүйекте басталатын болды

1013

Павлодарда жылу маусымы 15 қыркүйекте басталатын болды

Павлодарда ресми түрде жылу маусымы 15-қыркүйекте басталады. Мұндай шешім туралы Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов ПИК, сервистік компаниялар, коммуналдық қызмет жетекшілері, қоғамдық кеңес, мемлекеттік органдардың өкілдері және қалалық мәслихаттың депутаттарымен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Біз жыл сайын 1-қазанға дайындалатынбыз. Қазір Қизат Советұлы (тұрғын үй инспекциясы қалалық бөлімінің жетекшісі – авт) 10-қыркүйекке дайындалу керектігін айтуда. Неге мұндай асығыстық? Себебі, біз жылу маусымын 15-қыркүйектен бастағымыз келеді. Өткен жылы 5-қыркүйекте әлеуметтік саланы қоса бастаған едік. Барлығы жоспарға сай жүріп жатты. Ал 1-15 қазан аралығында тұрғын үй секторы қосылуы тиіс-тін. Күн ерте суытып кетіп, 10-қазанда қар түсті. Түнде аяз тұрып, ПИК өздігінен желілерді іске қоса бастады. Нәтижесінде желілердің теңгерімі бұзылды. Мұндай жағдай қайталанбау үшін көршілес мемлекеттегі қалалардың тәжірибесін зерттедік. Ол жақта жылу маусымы 15-қыркүйекте басталады.

Әкімнің айтуынша, жылу желілері 15-қыркүйекте жылу беруге дайын болады. Дегенмен ауа райы жылы болса, ПИК-тер мерзімнен бұрын қоспаса да болады. Үйлерінде жылу есептегіш құралдары орнатылған тұрғындар тұтынған жылу үшін ғана ақша төлейді. Бұл ретте "Павлодар жылу желілері" ЖШС-нің бас директоры Марат Иманаев та өз пікірін білдірді.

"Былтыр қала тұтастай – тұрғын үй секторы, әлеуметтік нысандар мен заңды тұлғалар қазан айының алғашқы аптасында бір мезетте өздіктерінен жапқыштарды аша бастады", - дейді ол.

Қала бойынша ыстық сумен қамтамасыз ететін төрт тонна су айналып тұрады. Қыс мезгілінде бұл көрсеткіш 20-22 мыңға дейін жетеді. Бұл суды химиялық цехтар дайындайды. Ол үшін біраз уақыт керек. Біз жылуды батарейлерге жіберу үшін маусымда ерте бастауды сұрап тұрған жоқпыз. Осы 20 мың тонна суды тікелей үй іші мен квартал іші желілерге толтырғымыз келеді. Бұдан басқа, өнідірістік аумақтарда жөндеу жұмыстарынан кейін толтырылмаған желілер бар. Химиялық суды тарату үшін бізге уақыт керек. Орташа есеппен алғанда қала бойынша екі апта кетеді. 

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қизат Жақыпов ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 8-тамыздағы жағдай бойынша 1330 көпқабатты үйдің 319-ы жүз пайыз дайын. Оның 55-інде тұтынушылардың жылу желілерін қолдану бойынша дайындық актісі бар. Дайындық актілерін алу үшін "Павлодар жылу желілері" ЖШС-не 1264 тұрғын үйден өтініш түскен. 480 үйге аралық акті берілген. 153 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары – жылу жүйлерін алмастыру және тексеру жүргізілуде. 162 үйде инженерлік желілер бойынша жоспарлы жұмыс өтуде. 103 үйде инженерлік жүйелерге қаржы жинастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу