Павлодарда жылу желілерінің 90%-ға жуығының тозығы жеткен

1194

Оларды жаңартатын қаржы жоқ.

Павлодарда жылу желілерінің 90%-ға жуығының тозығы жеткен

Павлодар қаласында жыл сайын жылу желілері ескіріп, соның салдарынан тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Өткен жылу маусымы кезінде қалалықтардан бұл мәселеге қатысты 675 шағым түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Былтыр облыс орталығындағы магистральдық жылу желілерінің 79%-ы ескі болса, биыл бұл көрсеткіш 85%-ға жетті. Сол сияқты өткен жылы аула ішіндегі құбырлардың 80%-ының тозығы жетсе, осы жылы желілердің 85%-ының әбден ескіргені анықталып отыр.

"Жыл санап тозығы жеткен желілердің саны артып келеді. Оны болдырмау үшін жыл сайын кемінде 20 шақырым желіні жөндеу қажет. Бірақ қазіргі тариф тек 6,5 шақырым желіні ретке келтіруге мүмкіндік береді", - дейді "Павлодар жылу желілері" ЖШС директоры Марат Иманаев.

Жылу маусымынан кейінгі сынақтар кезінде 202 ақау анықталыпты. Құбырлар жарылған жерлерді жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы тұрғындарды ыстық сумен қамтуға кері әсерін тигізіп отыр. Магистральдық желідегі 29 және аула ішіндегі 173 ақауды толығымен жойып, қайта қалпына келтірген соң ғана үйлерге ыстық су қайта беріледі.

Айта кетейік, бүгінде облыс орталығындағы 655 көпқабатты тұрғын үйде ыстық су жоқ.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу