Павлодарда жылыту маусымы аяқталды

1013

Бүгін 1301 көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды. 

Павлодарда жылыту маусымы аяқталды

Павлодарда бүгін 1301 көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылса, ертең қалған нысандарға жылу беру тоқтатылады. Бұл туралы "Павлодар жылу желілері" ЖШС бас инженері Сергей Панихин арнайы баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Кәсіпорнымыздың ұжымы жылыту маусымын қалыпты өткізіп, биыл айтарлықтай ірі апаттар орын алған жоқ. Осы уақыт ішінде жылыту толық мөлшерде жеткізілмегені туралы 1182 шағым түсіп, олардың 162-і ғана дәлелденді. Былтырғы жылы 1400 шағым түсіп, олардың 201-і расталған болатын. Демек, қызмет көрсету сапасы өсіп келеді", – дейді Сергей Панихин.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу