Павлодарда зообақтағы қырық жануар қырылып қалды

1004

Павлодарда зообақтағы қырық жануар қырылып қалды

 

Павлодарда зообақтағы құбырдың жарылуынан 40 жан-жануар қырылып қалды, деп хабарлайды КТК.

Нысан ішіндегі жылу құбыры жарылып, хайуандар сол ыстық суға күйіп қалған. Айрықша зообақ иесі Ольга Горбикованың айтуынша, мұндай төтенше жағдай бұған дейін де болған. Бұл жерді жалға алған ол нысан қожайынынан құбырларды ауыстыруды бірнеше рет сұрағанымен, ештеңе өзгермепті. Ақыры қатты қысымға шыдамаған пластикалық құбыр тағы да жарылған.

Жануарларды елге ұстап көрсетіп,  табыс тауып келген кәсіпкер енді өзін тақырға отырғызған азаматтан 2 миллион теңге материалдық шығын өндіріп алуға бекініп отыр.

"Бұл жануарлардың бәрін балаларымдай жақсы көрдім. Бәрі қолға үйретілген болатын. Бір адамның ұқыпсыздығынан қырық жануар бір сәтте тірідей қырылып қалды. Нысан қожайыны келді, дым болмағандай кетіп қалды. Тіпті кешірім де сұрамады", - дейді Ольга Горбикова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу