Павлодардағы 200-ге жуық үй жылусыз қалды

742

Жылу құбыры бірнеше рет жарылды.  

Павлодардағы 200-ге жуық үй жылусыз қалды

Облыс орталығындағы Казправда-Қамзин көшелерінің қиылысындағы ылу желісінен ақау шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл аумақтағы жылу құбыры кеше бірінші рет жарылды. Коммуналдық апат салдарынан сол маңдағы 200-ге жуық жеке үйді орталық желіден ажыратуға тура келді. Кешкі уақытта "Павлодар жылу желілері" компаниясының жөндеу бригадасы апат салдарын жойып, үйлерге қайта жылу беріле бастады.

Бүгін осы аумақтағы жылу құбыры тағы да жарылды. "ПавлодарЭнерго" ЖШС өкілдерінің айтуынша, кеше коммуналдық апат кеше қалыпқа келтірілген құбырдан емес, басқа желіден шықты. Сондықтан 200-ге жуық үйде тағы да жылуды өшіруден басқа амал қалмады.

Мамандар олқылықтың орнын бүгін кешке дейін толтыруға уәде беріп отыр. Оған дейін жеке сектор тұрғындары бүрсең қақуға мәжбүр.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу