Павлодардағы алюминий зауытында жаңа фильтрлер іске қосылмақ

930

Бұл қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдық көлемін жылына 2,4 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.  

Павлодардағы алюминий зауытында жаңа фильтрлер іске қосылмақ

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде қоршаған ортаны қорғау бағытында қолға алынған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кәсіпорындармен, эко-белсенділермен және профильді министрлікпен бірге бірқатар бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізудеміз. Атап айтқанда алюминий зауытында гибридті электр фильтрлерін іске қосу. Сол арқыл қоршаған ортаға бөлінетін шаң көлемі жылына 2,4 мың тоннаға дейін төмендете аламыз. Ал алдағы 10 жылдың ішінде тағы 55 мың тоннаға қысқартуды жоспарлап отырмыз", – деді өңір басышысы.  

Мұндай өзгерістер Павлодар облысындағы өзге де өндіріс алаңдарына енгізілмек. Оның ішінде Ақсу электр стансасы, электролиз зауыты бар.

"Ақсу қаласында "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" акционерлік қоғамына тиесілі электр стансасының энергетикалық блоктарына да арнайы жабдық орнатылмақ.  Сондай-ақ электролиз зауытының цехтарында да арнайы сүзгілер ауыстырылажы. Кәсіпорындардың санитарлық аймақтарын көгалдандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, тек биылғы жылы 28 мыңнан аса жасыл желек отырғызылады", – деді Павлодар облысының әкімі.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу