Павлодардағы арзандатылған дизельдің бағасы қаңтардың соңында белгілі болады

877

Павлодардағы арзандатылған дизельдің бағасы қаңтардың соңында белгілі болады

Павлодар облысының агрономдарына жеңілдікпен берілетін дизельдің бағасы қаңтар айының соңында белгілі болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімовтың айтуынша, министрлікке 17 мың тонна дизельдік отынға өтініш берілген.

"Алайда министрлік дәл былтырғы көлемде, яғни 16 мың тонна жанар-жағармай бөліп отыр.  2017 жылғы жанар-жағармай толығымен жеткен еді. Биыл да жеткілікті болады деп отырмыз. Оны аудандарға бөліп береміз. 4 мың тоннасы наурыз айында, 6 мың тоннасы сәуірде, 6 мың тоннасы мамыр айында беріледі", – деді Есентай Мүрсәлімов.

Бөлім басшысының айтуынша, өңірімізде наурыз айында дайындық жұмыстары жүргізіліп, сәуір, мамыр айларында егін егу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, обылыс бойынша былтыр 1 млн 191,9 мың гектар жерге 118,2 мың тонна тұқым себілсе, биыл 1 млн 329,9 мың гектарға 126 мың тонна тұқым себу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу