Павлодардағы атыстың себебі белгілі болды

762

Павлодардағы атыстың себебі белгілі болды

Кеше Павлодар қаласының бизнес орталығындағы атыстың себебі анықталды. Белгілі болғандай, екі жүргізуші бір автотұраққа сыйыспай қалған, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Баян Мағзұмова хабар еткендей, қара түсті Lexus автокөлігін іздеуге Павлодар облысы мен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алтай мен Омбы өңірлерінің тәртіп сақшылары жұмылдырылған.

"Полиция қызметкерлері жарақат алған BMW жүргізушісі, 33 жастағы ер азаматты әңгімеге тартты. Оның беті мен арқасы жараланған. Оның айтуынша, Лексус жүргізушісі екеуі ұзақ уақыт автотұраққа көліктерін қоя алмаған. Артынша ұрыс туындап, Лексусты тізгіндеген адам қаруын алып оқ жаудырған. Жәбірленген азаматтың бетінен травматикалық қарудың кішкене шарлары алынып, қандай маркалы қару екендігі зерттелуде. Атысты бастаған адам қала сыртына шығып кетуі мүмкін, бірақ барлық жерде жедел ұстау жоспары іске қосылды", – деді Баян Мағзұмова.

Айта кетерлігі, Бизнес орталығының камерасы Lexus автокөлігінің мемлекеттік нөмірін түсіріп алған. Белгілі болғаны темір тұлпар Павлодар өңіріне тиесілі емес. Көліктің иесі анықталу үстінде.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Павлодарда орталық көшелердің бірінде атыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу