Павлодардағы дүкендердің бірінде ірі өрт болды

359

Өрттің жалпы ауданы - 300 шаршы метр.

Павлодардағы дүкендердің бірінде ірі өрт болды Фото: ТЖД

Павлодардағы "Веселый улей" дүкенінде ірі өрт болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қаңтарда 13:30-да Катаев көшесінде тұрған бір қабатты "Веселый улей" дүкені өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу жетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін дүкен қызметкерлері өздігінен эвакуацияланды.

"Келген бойда өрттің күрделі дәрежесі жарияланды. Өрт сөндірушілердің күштері өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді",– деді ТЖД.

Өрттің жалпы ауданы - 300 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың алдын-ала себебі анықталуда. Өрт сағат 16:59-да сөндірілді. Өртті сөндіруге 61 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу