Павлодардағы қалалық екі емхана инвесторлардың иелігіне өтеді

792

Павлодардағы қалалық екі емхана инвесторлардың иелігіне өтеді

Павлодардағы қалалық екі емхананы бәсекелі ортаға беру үшін екінші мәрте бәссауда өтті, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұған дейін өткізілген аукционда жеңімпаз атанған инвестор емхананы алудан бас тартқан  еді.
Жекенің қолына өтетін емдеу мекемелері 150 мыңға жуық азаматқа медициналық қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, келісімшарт негізінде мекемелерді жекешелендірген инвестор нысандардың медициналық қызметін ауыстыруға құқығы жоқ. Құжат негізінде жаңа жетекшілер мемлекеттік тапсырысты бұрынғы көлемде орындайтын болады.  Сонымен қатар оларға емханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту міндеттеледі. 
"Бірінші емхана бойынша жеті өтініш қабылданды. Екінші нысанды сатып алуға үш өтініш түсті. Қазіргі уақытта құжаттар реттеліп, келісімшарт жасауға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жекенің қолына өткен қос емдеу мекемесінің жалпы құны 1 миллиард теңгеден астам", - дейді Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қадиша Беготаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу