Экомин Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы кеуіп бара жатқан Коряковка көлі туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлеуметтік желіде адамдар Коряковка көлін қолдан құрғатып, түбіндегі тұзды қап-қап қып әкетіп жатқаны жазылды. Бұл жағдайға министр пікір айтты.
Қазір экология комитеті, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, экологтар және қоғам белсенділері қатысып, комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көлін тексереді. Бұл — Қазақстандағы екінші қызғылт түсті сирек көл. Комиссия жұмысының нәтижесі экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтына және БАҚ-та жарияланады”, — деп жазды министр Instagram-парақшасында.
Комиссия барлық ұйымдастыру жұмысы аяқталған соң сейсенбі жолға шығады.