Павлодарда Халықаралық балаларды қорғау күнінде қоғамдық көліктерде балалар тегін жүреді. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Павлодарда Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге байланысты, 2017 жылдың 1-маусымында қоғамдық көліктерде (трамвайларда, үлкен сыйымдылықты автобустарда, А шағын класты автобустарда) 15 жасқа дейінгі балалар тегін жол жүреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу