Павлодардағы колледждердің заңсыз пайда тапқаны анықталды

805

Павлодардағы колледждердің заңсыз пайда тапқаны анықталды

Павлодар облысының төрт техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында дипломның көшірмесі үшін 500 теңгеден бастап, 3 мың теңгеге дейін талап еткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Техникалық және кәсіби кәсіби білім беру құжаттарының көшірмесін беру" ақылы қызметі заңсыз болып табылады. Мемлекеттік немесе жеке меншіктегі колледж екеніне қарамастан, 2015 жылдан бері мұндай қызметтер тегін көрсетіліп келеді", - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Анелия Каир. 

Ең қымбат көшірмелер ИнЕУ колледжінде – үш мың теңге болып шықты. Бұл жерде өткен жылы 22 құжат сатып үлгерген. Бұл қаражат оқу ордасынан осы жылдың 1-маусымына дейін өндірілетін болады.

Ең төмен баға – Ж.Мұса атындағы Ақсу мемлекеттік колледжінде – 592 теңге. Бұл қызметке 57 адам жүгінген. Қазір 34 адамға ақшалары қайтарылды. Қалғандарының ақшасы 2018 жылдың 1-мамырына дейін берілетін болады.

"ҚазтұтынуОдағы" Павлодар экономикалық колледжінен үш айдың ішінде 18 адамның ақшасы өндіріледі. Павлодар политехникалық жоғары колледжі 10 адамның ақысын қайтаруға міндеттелді.

Павлодар облысында барлығы 50 колледж жұмыс жасайды. Оның 16-сы – жекеменшік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу