Павлодар қаласында ораласқан №46 мекемеде қойдың майынан халал сабын өндірісі, Tauba бренді бойынша спорттық костюмдер тігетін жоба іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, жоба сотталғандарға жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті өндірісті қолдауға мүмкіндік береді. Кір сабын халал стандартының талаптарына сай әзірленеді. Бұдан бөлек колонияда Tauba брендімен спорттық костюмдер де тігіледі.
"Біз бұл тәсілдің қамаудағы адамдарға қатысты көзқарасты өзгертуге көмектесетініне сенімдіміз. Жобаларымыз сотталғандарды оңалту мен әлеуметтендіруге, сондай-ақ нарықта сұранысқа ие өнімдерді өндіруге бағытталған", - деді №46 мекеме басшысы Сұлтан Бакин берген сұхбатында.
Өндірілген сабын мен тігілген киім жергілікті және ұлттық нарықтарда сатылатын болады.