Павлодардағы құс фабрикаларына қатысты тергеу жұмыстары басталды

809

Екі кәсіпорын жұмыртқа бағасын келісіп өсірді деген күдікке ілінді. 

Павлодардағы құс фабрикаларына қатысты тергеу жұмыстары басталды

Бұл туралы Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Аталмыш ведомство мамандары 2021 жылғы жұмыртқа өндірісі мен оның көтерме саудада сатылу барысын саралай келе, осындай байламға келді.

"Павлодар облысында бәсекелестікке қарсы келісімдердің болғаны байқалады. Атап айтқанда, бірінші санатқа жататын жұмыртқа бағасын келіскен түрде белгілеп, оны ұстап тұру белгілері анықталды", – делінген хабарламада.

Осылайша, "Шарбақты Құс" және "Павлодар Құс" фабрикаларына қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, облыс тұрғындары күніне 550 мың жұмыртқаны тұтынады. Жоғарыда аталған екі фабрика тәулігіне 600-650 мың дана жұмыртқаны нарыққа жөнелтеді. Бұл кәсіпорындар тұтынушылардың жылдық сұранысын да қамтамасыз етуге қауқарлы. Бір жылда өңірдегі тұтынушыларға шамамен 200 млн дана жұмыртқа керек болса, фабрикалар оның 253 млн данасын шығарады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу