Павлодардағы мектепте оқушыларға шошқа етінен дайындалған тамақтар берілген

208

Министрлік елдегі мектеп асханаларына тексеріс жүргізген. 

Павлодардағы мектепте оқушыларға шошқа етінен дайындалған тамақтар берілген Фото: Qazaqstan Media

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде Павлодардағы мектептердің бірінде асхана тамағында шошқаның етінен жасалған арзан шұжық пайдаланылғаны туралы ақпарат тарады. 

"Бұл мәселеден хабардармын. Министрліктен бірден тексеру жіберілді. Бірақ заң негізінде мәзірде тек қана құс және сиыр еті ғана белгіленіп жазылған. Мәзірде шошқа еті деген сөз жоқ. Бұл – тиісті жекелеген мекеме заңды бұзып отырғанының белгісі. Егер ондай заң бұзылатын мекемелер мемлекет қарамағында болса, қатаң шаралар қабылданатын болады. Жекеменшік мекемелер болған жағдайда оның қызметінің толық тоқтатылуына дейін шешім қабылдануы мүмкін",  – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, осыған дейін елдегі мектеп асханаларына жаппай мониторинг жүргізілген.

"200-ден аса мектепте заңбұзушылықтар анықталды, оның 199-ы қалыпқа келтірілді. 30-дан аса дүние қалпына келтіріліп жатыр, оған уақыт пен қаржы қажет. Бұл жұмыс әрі қарай жүйелі жүргізілетін болады", – деді Ғани Бейсембаев.

Мектеп асханаларында тіркелген заң бұзушылықтардың қатарында тағамды дұрыс сақтамау, ас әзірлеудегі нормаларды ескермеу бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу