Павлодарда мектептен өрт шықты

Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. 

Павлодарда мектептен өрт шықты Фото: egemen.kz

Бүгін сағат 16.35-те Павлодар қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің бірінші қабатындағы бөлме отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, оқиға орнынан дереу 542 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 493 бала – екінші ауысым оқушылары.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт бірінші қабаттағы электрқалқандағы қысқа тұйықталудан шыққанын хабарлады. 

Өрт сөндірушілер жарты сағат аралығында отты толықтай ауыздықтады. Оған жеке құрамның 29 қызметкері мен 8 техникасы жұмылдырылды. 

Айта кетелік, аталмыш оқу орны өткен жылы "Заманауи мектеп" өңірлік бағдарламасы аясында жаңартудан өткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу