Павлодардағы митинг салдарынан облыстық әкімдікке келген шығын көлемі анықталды

985

Бұл мәселе бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. 

Павлодардағы митинг салдарынан облыстық әкімдікке келген шығын көлемі анықталды

5 қаңтар күні Павлодар облысының шамамен екі-үш мың тұрғыны жергілікті әкімдік алдына жиналып, өз наразылықтарын білдірген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бейбіт шеру кезінде кей тұрғындар әкімдікке кірмек болып, есіктің шынысын сындырды. Келесі күні коммуналдық сала қызметкерлері есікті қалпына келтіріп, шынысын ауыстырды. Ал полиция қызметкерлері мұндай әрекетке барған бүлікшілерді анықтапты.

Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуовтің сөзінше, жаппай бассыздыққа барған және әкімдік ғимаратын алмақ болған әрекеттерге қатысты үш қылмыстық іс қозғалып, бір азамат қамауға алынды.

"Барлық тергеу амалдары қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтай отырып жүргізілді. Уақытша қамауға алынған азаматтарға білікті қорғаушылар қарастырылды. Қылмыстық істер Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне берілді", – деп хабарлады Рашад Өтеуов.

Сондай-ақ ол облыстық әкімдікке келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеден асатынын айтты.

Жалпы санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін 435 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 324-і әкімшілік қамауға алынды. Тағы 18 тұрғынға айыппұл салынды. Төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат талаптарын сақтамаған 206 адам қамалып, 251 павлодарлық айыппұл төлеп, 565 тұрғын ескерту алды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу