Павлодардағы науқас коронавирусты Нұр-Сұлтанда жұқтырған

882

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты.

Павлодардағы науқас коронавирусты Нұр-Сұлтанда жұқтырған

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов өңірдегі қазіргі коронавирустік инфекция жағдайын мәлім етті.

"27 наурыз күні Павлодар облысының 1988 жылы туған тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол ер адам бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен қарым-қатынас жасаған. Пациент бекітілген алгоритмге сәйкес инфекциялық госпитальге жатқызылды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қалыпты. Дене температурасы тиісті деңгейде. Денсаулығына шағымданған жоқ. Ол адаммен байланысқа түскендер анықталып, эпидемияға қарсы шаралар қолданылды", – деді Біржан Досмайылов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу