Павлодардағы сауда орталығында ер адам өзін-өзі өртемек болды

863

Павлодарлықтың бұлай әрекет етуіне қазіргі кезде сауда орталығы орналасқан жердегі үйі үшін алған ақшасының аздығы себеп болған

Павлодардағы сауда орталығында ер адам өзін-өзі өртемек болды

Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағының психолог-құтқарушысы шаһардағы ірі сауда орталығында өзін-өзі өртемек болған адамды құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кеше Павлодардағы сауда орталықтарының бірінде басшының кабинетінде 58 жастағы ер адам өзін өртемекші болды. Оқиға кезінде сауда орталығы қоршалып, адамдар шығарылды. Агенттікке белгілі болғандай, павлодарлықтың бұлай әрекет етуіне қазіргі кезде сауда орталығы орналасқан жердегі үйі үшін алған ақшасының аздығы себеп болған. Бұдан бір апта бұрын ер адам кәсіпкер әйелге және оның отбасының мүшелеріне телефон шалып, қоқан-лоққы жасаған. Оқиға орнына өртке қарсы қызмет өкілдері, медициналық апат және құқық қорғау органдары қызметкерлері шұғыл жетті. Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағының психолог-құтқарушысы Лариса Тюкалованың айтуынша, ыза буған ер адам қолына бес литрлік бензин құйылған ыдысты және оттықты ұстап тұрып, сауда орталығы иесінен автомобиль, пәтер және ақша талап еткен. Оны 30 қыркүйекке дейін тапсыруды бұйырған.

"Мен онымен сауда орталығының басшысы арқылы байланыстым. Әйел адам оған барлық талаптарды орындайтынын жеткізді. Біртіндеп ол сабасына түсті. Ыдысты жауып, оттықты столға қойды. Одан кейін полиция қызметкерлеріне өзі берілді",- деді Лариса Тюкалова.

Айта кетейік, өзінің ТЖД психолог-құтқарушы болып бес жыл атқарған қызметінде Лариса Тюкалова соңғы қадамға баруға шешім қабылдаған көп адамның бетін қайтарды. Ал ағымдағы жылы ол 20-дан астам өзін-өзі өлтірмек болған адамды ажалдан аман алып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу