Павлодардағы Теміржолшылар кентінде жеке үйден өрт шықты

540

Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыды.  

Павлодардағы Теміржолшылар кентінде жеке үйден өрт шықты Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар келгенге дейін өрт маңында болған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермек Мұханов өз үйінен газ баллонын әкеліп, жарылыс қаупінің бетін қайтарды, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 28 наурыз күні болған. ТЖД қызметіне Теміржолшылар кентіндегі жеке үйден түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Департамент мәліметінше, екі пәтерлі 3 бөлмелі кірпіш үйдің ас бөлмесінде тоңазытқыш, тартылған төбе жабындысы, жартылай ағаш құрылымдар өртенген.

“Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын сағат 16:42-де ауыздықталды”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу