Павлодардағы үлкен көпір қатты аяздан шытынап кетті

228

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге видео жариялады.

Павлодардағы үлкен көпір қатты аяздан шытынап кетті Фото: Яндекс

Павлодар тұрғындары Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінен қоршауға дейін жайылған жарықшақтарды анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Павлодар филиалы құлау қаупі жоқ екенін, ал сәйкессіздікке қатты аяз себеп болғанын хабарлады.

"2023 жылдың 13 желтоқсанында Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін тексеру барысында компенсатордың кеңеюі және қоршаудың алшақтығы анықталды. Осы факті бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ПОФ "ҚазАвтоЖол" ҰК ҚАЖҚсервис ПФ өкілдерімен бірлесіп, мердігер "Казахдорстрой" ЖШС, техникалық қадағалау "Инженеринг Сервис" ЖШС және жоба авторы "Қазақстан Промтранспроект" ЖШС көпірдің жай-күйіне шолу жүргізді. Сараптама нәтижесінде температураның төмендеуіне байланысты 7 және 9-бағаналардағы компенсаторлар 10-16 см кеңейгені анықталды", - делінген хабарламада.

Тіректердің қанағаттанарлық жағдайда екені айтылды. "Қазір тік және көлденең жылжу, сонымен қатар жойылу қаупі жоқ", - деп қосты департаментте. 

Сонымен қатар төмен температура кезінде көпір құрылымын бақылау үшін нысанды тәулік бойы бақылау ұйымдастырылып, көліктердің өтуі қамтамасыз етілген. Мамандар көпірдің 1962 жылы салынғанын қосты. Салмағы 10 тоннадан асатын көліктерді жылжытуға тыйым салынады. Жаңа жол өткелін салу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу