Павлодардағы жан түршігерлік апаттан бір адам көз жұмды

Тағы төрт жолаушы жарақат алды.  

Павлодардағы жан түршігерлік апаттан бір адам көз жұмды Фото: wikimedia.org

Кеше сағат 18.00 шамасында Павлодар-Қызылорда бағытындағы жолдың бойында жол-көлік апаты орын алды. Бірнеше көліктің соқтығысуынан 25 жасар жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Куәгерлердің сөзінше, ол тізгіндеген ВАЗ 2110 көлігі істен шығып, жол үстінде кілт тоқтаған. Оның соңынан келе жатқан Toyota Camry көлігі соғылып, аударылып түскен. Жолаушылар мен жүргізушілер жол жиегіне шыға бергенде Mercedes-Benz GL 450 көлігі оларды қағып өткен. Салдарынан бір жүргізуші көз жұмып, төрт адам жарақат алды.

Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. 
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша тексеріс жұмыстары басталып, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Үш көлік те арнайы тұраққа қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу