Павлодардағы жанжал: Полиция тұрғындарға оқ жаудырды

1086

Дау-дамайға жергілікті кәсорындардан заңсыз күл мен шлак қалдықтарын шығару себеп болған.

Павлодардағы жанжал: Полиция тұрғындарға оқ жаудырды

Павлодарда тәртіп сақшылары мен тұрғындар арасында жанжал туындады. Оқиға Береке ауылының маңында болған. Дау-дамайға жергілікті кәсорындардан заңсыз күл мен шлак қалдықтарын шығару себеп болған, деп хабарлайды Atameken Business. 

30 шақты адам тәртіпке бағынбай жағдайды одан сайын ушықтырып, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Куәгерлер оқиға орнынан видеоға түсіріп алған.

Бейнежазбада қарсы шыққан тұрғындардың бірін кісендеп алып кеткенін байқауға болады. Бұл жиналғандардың ашуын туғызып, соңында тәртіп сақшылары ауаға оқ атқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу