54 жасар барымташы осыдан үш жыл бұрын 115 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінгенмен, ізін жасырып үлгерген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаментінің дерегінше, жергілікті құқық қорғау органдары мен Ресей Федерациясының іздеу жұмыстары қызметінің бірлескен әрекеті нәтижесінде "қашқынның" жасырынған жері табылды. Ізін суытпақ болған оның қолына Мәскеудің метросында кісен салынды.
Қазіргі уақытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесі бойынша күдіктіні экстрадациялау туралы мәселе шешілетін болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында қылмыстық әрекеті үішн іздеуде жүрген 95 азамат тұтқындалды.
Ажар Дәулетова