Павлодардан Астанаға 15 мың теңге: әуе қатынасы қайта жанданады

388

Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялаудан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданады

Павлодардан Астанаға 15 мың теңге: әуе қатынасы қайта жанданады Фото: Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Реконструкция аясында ұшу-қону жолағы жаңартылып, ені 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Бұл заманауи әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігін арттырып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін Павлодар әуежайының қайта жаңғыртылған ұшу-қону жолағынан кейінгі алғашқы әуе рейсі Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша орындалды. Рейстің іске қосылуына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі МаксатКалиакпаров пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты.

Рейстерді Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы орындайды. Бір бағыттағы әуе билетінің құны 15 000 теңгені құрайды.

Аталған бағыт бойынша әуе билеттерін сату 2026 жылғы тамыз айының бірінші жартысынан бастап жүзеге асырылуда. 1 қыркүйектен бастап коммерциялық әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда. FlyArystan әуе компаниясы Павлодар – Алматы – Павлодар бағыты бойынша күнделікті рейстерді қайта жандандырады.

Халықаралық әуе қатынасы бойынша 1 қыркүйектен бастап "Сибирь" әуе компаниясы Павлодар – Новосибирск бағыты бойынша аптасына 7 рет әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу