Павлодардан елордаға азық тиелген 100 көлік жолға шықты

1081

Өңірдің өнімдері Астанадағы жәрмеңкеде саудаланады.

Павлодардан елордаға азық тиелген 100 көлік жолға шықты

Елордаға көкөніс, ет, сүт өнімі және басқа да ауыл шаруашылығы азықтарға толы 100 көлік жолға шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс ортлығында жиналған аудандардан келген көліктер бір уақытта Астанаға жол тартты. Ал, Екібатұз және Баянауыл көліктері негізгі керуенге жолда қосылады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше өңірлік тауарөндірушілер күннің екінші жартысында жәрмеңке өткізілетін жерге дейін жетеді.

Еске сала кетейік, Астана қаласында 8 - 9 қыркүйек күндері Мұнайтпасов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан "Қазақстан" СК автокөлік қоятын алаңында Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңке өткізеді. Сондай-ақ, облыстың барлық өңірлерінен 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, барлығы 110 миллион теңгеден астам сомаға 465 тонна көлемінде өнім апарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу