Медициналық сақтандыру қоры 28,8 млрд теңге төледі

1360

Павлодар облысында биыл сегіз ай ішінде медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін 28,8 млрд теңге төленді (69,7%).

Медициналық сақтандыру қоры 28,8 млрд теңге төледі

"Жұмыс уақытылы әрі кесте бойынша жалғасуда", - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша қор филиалының директоры Айдар Сейітқазинов. – "Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабуға жеткілікті. Қор медициналық ұйымдар алдындағы барлық келісімшарт міндеттемелерін толық көлемде атқаруда".

Павлодар облысында 63 медициналық ұйым мемлекеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді. Оның 30-ы - жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке қызмет берушілер саны 5 ұйымға артты.

"Жекеменшік медициналық ұйымдар қормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді әрі өзгермелі жағдайда жұмыс істеуге дайын екендерін көрсетті. Медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекенің артуы медициналық көмектің қолжетімді болуына, сапаға оң ықпал етері сөзсіз", - деп атап өтті Айдар Сейітқазинов.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы енгізілетін әлеуметтік медициналық сақтандыруға қаржы жинап қана қоймай, ағымдағы жылға тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызметтерді сатып алады.

2019 жылдың басынан қор кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметі үшін 697 млрд теңге төледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу