Павлодардан қоқыс шығарылмағанына бірнеше күн болды

905

Қызмет көрсетуші компания тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссиясына тарифті көтеру жөнінде ұсыныс жолдаған.

Павлодардан қоқыс шығарылмағанына бірнеше күн болды

Павлодар қаласы қоқыстың шығарылмағанына бірнеше күн болған. Ауланың бәрі күл-қоқысқа толы, деп хабарлайды 24.kz.

Шаһар билігінің хабарлауынша, қызмет көрсетуші компания тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комиссиясына тарифті көтеру жөнінде ұсыныс жолдаған.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда жан басына шаққандағы қызмет құны 159 теңге. Ал монополистер бағаны 322 теңгеге көтеруді сұрап отыр.

"Павлодарда қоқыс шығару тарифі елімізде арзан. Еліміз бойынша орташа тариф адам басына шаққанда 180 теңгені құрайды. Ал бізде 159 теңге. Бұл мәселе қалалық мәслихат депутаттарының қарауына шығарылады. Әзірге туындаған коммуналдық проблеманы шешу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура органдарына хат жолдадық",–дейді қала әкімінің орынбасары Арыстан Кенжалинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу