Павлодардан Новосібірге ашылған маусымдық рейстің мерзімі аяқталды

591

Билеттер 16 қыркүйектен кейін сатылмайды.

Павлодардан Новосібірге ашылған маусымдық рейстің мерзімі аяқталды

Авиакассаларда Новосібір – Павлодар – Новосібір халықаралық бағытына билеттер 16 қыркүйектен кейін сатылмайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2018 жылдың 30 мамырында Павлодар мен көрші Новосібірді байланыстырған ұшақ павлодарлық әуежайға алғаш рет қонған болатын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, ресейлік "S7 Airlines" авиакомпаниясына тиесілі ұшақпен орындалатын рейстер тұрақты емес, маусымдық.

"Бұл жыл бойғы рейс емес, - деді басқарманың автомобиль тасымалы, көлік және байланыс бөлімі жетекшісі Диана Муханова. – Кассадағы билеттер 16 қыркүйектен кейін сатылмайды. Алайда тұрақты рейс етуге еш бөгет жоқ. Біз тасымалдаушылармен осы мәселе бойынша келіссөз жүргізудеміз. Оларға хат жіберілді. Жауап күтудеміз".

Қазіргі кезде 78 орындық ұшақ аптасына екі рет сәрсенбі және жексенбі күндері қатынап жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу