Ертістің Павлодар және Ресейдің Новосібір өңірлері арасында жаңа әуе рейсі ашылды. Новосібір-Павлодар бағатындағы алғашқы рейспен 79 жолаушы ұшып келді. Жаңа бағыт арқылы азаматтар аптасына екі рет, сәрсенбі және жексенбі күндері қатынай алады, деп хабарлайды baribar.kz.
"Павлодар әуежайы" АҚ-ның басқарма төрағасы Марат Шишовтың айтуынша, жаңа бағыттағы рейстерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар үш жыл бойы жүргізіліп келген. Осы уақыт аралығында ресейлік әуекомпаниялармен келіссөздер жүргізіліп, олардың жұмысы жіті бақыланған. Енді туристер мен жолаушылар небәрі 1 сағат 20 минуттың ішінде Новосібірге жете алады. Билет құны 19 мың теңгеден басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу