Павлодардан Омбыға ұшақ қатынай бастады

1205

Бұл – облыстағы алғашқы халықаралық рейс. 

Павлодардан Омбыға ұшақ қатынай бастады Фото: Ольга Бугаева

Бұған дейін тұрғындар Павлодар мен Ресейдің Омбы қаласы арасында тек автокөлікпен қатынайтын еді. Енді ұшақпен аз уақыт аралығында діттеген жерге жетуге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Екі қаланың арасын "S7 Airlines" әуе компаниясы жалғайды. Бұл компанияның ұшақтарына отыру үшін 48 сағат бұрын жасалған ПТР-тестің нәтижесін көрсетсе жеткілікті. 

"Павлодар әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Искандер Жандәулетовтің айтуынша, ұшақтар аптасына бір рет жолға шығады. Билеттің бағасы 36 мың теңгеден басталады. 

"Airbus А320 ұшағында 174 жолаушы орны бар. Алғашқы рейске билеттердің барлығы сатылып кетті. Ал Павлодардан Омбыға бағыт алатын ұшаққа билеттердің әзірше жартысы ғана сатылды", - деді Искандер Жандәулетов. 

Бұл халықаралық рейс Мәскеуге жетуге де тиімді болмақ. Себебі Омбы арқылы ұшар болса, билет бағасы небары 60 мың теңгені құрайды. Ал Омбы арқылы Новосібірге жету үшін жолаушылар 50 мың теңге төлесе жеткілікті. 

Ажар Дәулетова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу