Павлодардан Түркістанға жаңа вагондары бар пойыз жолға шықты

395

Жаңа вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайды.

Павлодардан Түркістанға жаңа вагондары бар пойыз жолға шықты Фото: ҚТЖ

Павлодар станциясынан Түркістанға жаңартылған вагондары бар №45/46 жолаушылар пойызы жолға шықты. "Жолаушылар тасымалы" АҚ - "Солтүстік" өңірлік филиалының Павлодар учаскесіне отандық өндірістің 36 плацкарт және купе вагондары келіп түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған пойызды іске қосу барысында "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов бұл пойыз күнделікті қатынайтынын айтты.

"Ұлттық тасымалдаушының стратегиялық міндеттерінің бірі – вагон паркін жаңарту. Біз өңір тұрғындарының қалауларын ескеріп, қала тұрғындары мен Павлодар қаласы әкімдігінің көптеген өтініштері бойынша Павлодар-Түркістан бағытында жаңа вагондарды іске қостық. Пойыз күнделікті қатынайтын болады. Құрамы кемінде 10 жаңа вагоннан тұратын бұл пойызда 3 купе және 7 плацкарт бар. Бір бағытта жолаушылар құрамы 456 жолаушыны тасымалдай алады, ал жолаушылар ағыны ұлғайған кезде қосымша вагондар қосылады", - деді Тайжанов.

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау қондырғысымен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Купеде тоқ көздері мен USB қосқыштары бар. Вагондарды пайдалану шарттары сақталған жағдайда, олардың қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайды.

Биылғы жылдың күзінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ паркі отандық өндірістегі 42 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылған. Олар "Маңғыстау-Атырау" және "Ақтөбе-Атырау" бағыттары бойынша жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу