Павлодардан жүрек ақауы бар үш айлық сәби Астанаға тікұшақпен жедел жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
University Medical Center баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір күні Астанадағы UMC Жүрек орталығына Павлодардан туа біткен жүрек ақауы бар үш айлық нәресте шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілген.
Нәрестеге қажетті медициналық көмекті ұшу барысында қамтамасыз ету үшін UMC Жүрек орталығының реаниматолог-дәрігері Елдос Жүнісәлиев арнайы Павлодарға ұшып барып, оны Астанаға дейін ілесіп әкелген.
"Бұл жағдай – Жүрек орталығы тарихында пациентті тікұшақпен жеткізудің үшінші оқиғасы. Мұндай тасымалдау түрі қолайлы метеожағдайларда ғана іске асырылуы мүмкін. Көп жағдайда пациенттер әуе көлігі – ұшақ арқылы жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.