Кеше облыс орталығындағы Толстой және 1 Май көшелерінің қиылысында атыс болып, қала ішінде жедел ұстау жоспары жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Атыс кезінде бір адам жараланған.
№1 қалалық ауруханада хабарлағандай, 33 жастағы ер адам нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. Оқиға орын алған Бизнес-орталық мекемесінің маңында бірнеше фирманың офисі, екінші бір жағында Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот орналасқан. Павлодар қаласының полицейлері күдікті деп танылған Лексус пен қара түсті BMW көліктеріне іздеу жарияланды.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметкері Баян Мағзұмованың айтуынша, полицияның арнайы жедел тобы қар үстінде табылған қанды зерттеуге кірісті. Қала бойынша жедел ұстау жоспары жарияланып, Lexus пен BMW көліктері тексеріліп жатыр.