Павлодардың өзен портында шекарааралық жүк тасымалы артты

1020

Павлодардың өзен портында шекарааралық жүк тасымалы артты

Ертіс өзенімен Ресейге қиыршық тас жеткізетін жүк кемелері қайтар жолда ағаш тиеп келетін болды. Жалпы су жолдарымен жүк тасу шамамен отыз пайызға арзанға түседі. Сондықтан маусымды тиімді пайдалану маңызды. Су жолдарын дамыту бойынша Павлодар, Омбы, Түмен облыстары арасындағы жасалған келісімдер іс жүзінде орындала бастады.

Соңғы үш айда Ресей Федерациясына Павлодар облысы 36 мың тонна қиыршық тас жөнелтті. Құрылыс материалына көрші елден сұраныс көп түседі.

"Биыл 100 мың тонна қиыршық тас жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Құм өндіру көлемі шамамен миллион тоннадан асады. Сонымен қатар навигация арқылы Ресейге 10-12 мың тонна тұз тасымалданады. Бүгінгі таңда  техникалық тұз тиеліп жатыр. Судың қазіргі деңгейі бір жарым мың тонна жүк басуға мүмкіндік береді. Көрші елге шағыл апарған кемелер жуырда Павлодарға ағаш тиеп келді", - деді Павлодар өзен портының бас инженері Алексей Гладков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу