Павлодарда қалалық "Трамвай басқармасы" Алматы қаласының трамвайларын қабылдаудан бас артты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оңтүстік қазақстандық вагондар техникалық тұрғыда павлодарлық рельстерге сай келмейді. Олардың құрал-саймандары да басқаша құрылған. Сондықтан ұсыныс көп талқыланбастан кері қайтарылды. Еуропалық қайта құру және даму банкі өзара әрекет ету және үйлестіру бөлімінің басшысы Виталий Сириктің айтуынша, жыл соңына дейін Павлодарға 20 белоруссиялық жаңа трамвай келеді.
"Жаңа трамвайларды алу үшін конкурс 2016 жылдың 14-қазанында жарияланды, жобаның жалпы құны - 2 миллиард 730 миллион теңге", - дейді Виталий Сирик. – Конкурс қортындысы бойынша "Kazakhstan tram consortium Ltd" компаниясы жеңімпаз атанып, "Белкоммунмаш" ААҚ арасында келісімге қол қойылды. Жыл соңына дейін 20 трамвай жеткізіледі, бірақ олардың барлығы бірден жолға шықпайды. Бірте-бірте шығаратын боламыз.