Павлодарға 30 отандық автобус сатып алынады

475

Қостанайда құрастырылған 30 жаңа автобусты лизинге рәсімдеу жоспарланып отыр.

Павлодарға 30 отандық автобус сатып алынады

Павлодарда қазіргі қаланың меншігіндегі №1 автобус паркіне отандық 30 автобус сатып алынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, кәсіпорынның бұрынғы иесімен сот ісі аяқталған.

"Екі ай бұрын сот талқысы әйтеуір соңына жетті, - деді қала әкімі. – Қазіргі таңда біздің алдымызды үкімет тарапынан қойылған міндет – Қазақстанда өндірілген және Қостанайда жинастырылған автобустар сатып алу. 30 жаңа автобусты лизинге рәсімдеу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Беларусь елінде шығарылған қалған 13 трамвай жеткізілуі керек".

Айта кетейік, облыс орталығында он бес санаттағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін тасымалданады. 7 және 15 жас аралығындағы балалар мен зейнеткерлер жеңілдікпен жүреді. Жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығындарды өтеуге 305 млн теңге қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу