Павлодарда трамвай депосына 4 жаңа вагон түсірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
"Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ экономика жөніндегі басқармасының төрағасы Виталий Сириктің айтуынша, Беларусь Республикасымен келісімшарт бойынша Павлодарға жеткізілу керек 23 трамвайдың енді 9-ы қалды.
"Трамвай басқармасының паркін жаңғырту жобасы аясындағы Kazakhstan tram consortium Ltd арқылы жаңа трамвай жеткізу келісімшарты бойынша трамвайларды әкелу жалғасын тапты. Келісімшарттың екінші кезеңі басталып, 4 вагон жеткізілді. Қыркүйектің аяғына дейін тағы 9-ы келеді. Екеуі – маусымда, екеуі – шілдеде, үшеуі – тамызда және екеуі қыркүйекте жеткізілмек. Осылайша, келісімшарт толық орындалады", – деді Виталий Сирик.