Павлодарға қазан айында Қытай мен Моңғолиядан бес отбасы көшіп келеді

828

Сонымен бірге осы айда Қазақстанның өзге өңірлерінен қалаға алты отбасы қоныс аударады.

Павлодарға қазан айында Қытай мен Моңғолиядан бес отбасы көшіп келеді

Осы айда Павлодарға оралмандардың бес және Қазақстанның өзге өңірлерінен алты отбасын көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбарам Беляева айтты.

"Қазіргі кезде квота бойынша Павлодарға 34 отбасы немесе 148 адам қоныс аударды, - дейді Гүлбарам Беляева. – Олардың ішінде 18 жанұя оралмандар болса, қалған 16-сы еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келгендер. Оралмандар отбасыларының 12-сі қалада, біреуі Ленин кентінде, төртеуі Кенжекөл ауылында тұрады. Ішкі қоныс аударушылардың барлығы облыс орталығында тұрып жатыр".

Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, қазан айында облыс орталығына этникалық қазақтардың бес отбасы қоныс аударады. Олардың екеуі - Қытайдан, қалған үшеуі - Моңғолиядан. Сонымен бірге осы айда Қазақстанның өзге өңірлерінен қаламызға алты отбасы қоныс аударады. Қоныс аударушылардың көбісі Алматы облысының тұрғындары.

Бүгінде 28 отбасына, яғни 102 адамға көшіп келуге мемлекет тарапынан субсидия төленді. Отбасының бір мүшесіне шаққандағы субсидия мөлшері З5 АЕК немесе 84175 теңге. "Серпін" бағдарламасымен білім алған жоғары оқу орнының алты түлегі жұмыспен қамтылды. 

Айта кетерлігі, биыл  павлодарлықтардың алты мыңы  жұмыспен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 5072 адам тұрақты жұмыс орнын тапқан. Жыл соңына дейін 1389 адамды  жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу