Павлодарға жақын ауылдарды су басу қаупі бар

804

Павлодарға жақын ауылдарды су басу қаупі бар

Павлодардың Баянауыл және Май ауданында еріген қар суы елді мекендерге жетті, деп хабарлайды 24.kz. Қара-ащы, Теңдік, Жаңа-жол, Жаңа-тілек, Көк-домбақ, Ақ-жар және Ақ-шиман ауылында жағдай қауіпті.

"Таудан сарқырып аққан қар суы таяуда тұрғызылған жасанды бөгеттерді бұзып кетуі де ықтимал", – дейді мамандар.

Облыс орталығынан қауіпті аймақтарға қосымша күш жіберілді. Әзірге үйлерді су басқаны туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі сағат сайын талдау жүргізіп отыр.

Соңғы түскен мәліметке сүйенсек, су кей жерде тасжол деңгейіне дейін көтерілген. Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылына жақын маңда жиналған суды ағызу үшін жолдың бір бөлігін бұзуға тура келген.

"Су өткізетін құбырлар барлық жолда бар. Бірақ суды өткізіп үлгере алмай жатыр. Май ауданының Ақжар ауылында ағын су жолдың үстімен өтіп жатыр. Ал Баянауыл ауданына 6 техника бірлігі жеке құрамнан 10 адам жіберілді. Олар судың деңгейін бақылап, қажет болса, тұрғындарға көмек көрсетеді. Біз техникамызды наурыз айының басында дайындап қойдық. Кешеден бері күшейтілген қызметке көштік", – дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Асқар Темірбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу