Аталған жайтқа қатысты полицейлер жануарға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде әйелдің мысыққа сірке суын шашып жатқаны түсіп қалған видео тарады.
Көп ұзамай облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.
"Бейне бойынша полицейлер тексеріс жүргізді. Тұрғынның жеке басы анықталды. ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,– деді департаменттегілер.
Полицейлердің мәлімдеуінше мысық тірі қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу